«АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІ»

мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

«8М-арт»

5 наурыз 2022 жылы Халықаралық  әйелдер күніне арналған «8М-арт» атты  ақтөбелік суретшілердің көрмесінің ашылуы өтті.

Суретшілер бұл көрменің атын, яғни әйел бейнесін, гүлдерді, көктемді айқындайтын тақырыптық жұмыстарын ұсынады.Көп жағдайда әйел сұлулығы − өнер адамдарының қылқаламына, бармақтарына шабыт береді.  Көрмеге қойылған туындылар суретшілердің сүйіспеншілікпен, жаңаша көзқараспен, нәзіктікті басты назарға қойып  түрлі техникамен шынжүректен бейнелеген. Әйел бейнесі суретшілерді барлық дәуірде қызықтырған ең ыстық, ең игілікті тақырыптардың бірі. Бұл тақырып әйел затының сұлулығы сияқты – мәңгілік.

Көрмеге суретшілердің 40-тан аса еңбектері қойылды. Орындалған көктем, әйел бейнесі, сұлулық, гүлдер тақырыбын қаламыздың  кәсіби суретшілері Ноғаев Қайрат, Байганин Алпамыс, Русановский Вячеслав, Сухотина Евгения, Курманалина Ирина, Дундыч Татьяна, Беликова Лилия, Игнатова Елена, Скуратович Наталья және Алиманова Гаухар, Шлапак Елена  сияқты жас суретшілер айқындата  түсті .

Қатысушылардың барлығына музей атынан алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді

Аталмыш көрме көрермендерге үлкен эстетикалық ғанибет береді деген сенімдеміз.  Көрме 18 наурызға дейін жалғасын табады.