«АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІ»

мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Облыстық өнер музейінің залында 2022 жылы 11 ақпан күні Ешнияз Арай Маратқызының «Көңіл күй» атты дербес көрмесінің ашылуы өткізілді.

Облыстық өнер музейінің залында 2022 жылы 11 ақпан күні  Ешнияз Арай Маратқызының «Көңіл күй» атты  дербес көрмесінің ашылуы өткізілді.

Көрменің мақсаты: Дизайн өнеріндегі шығармашылық пен заманауи технологияларды қолдау, танымал ету және насихаттау. Қазіргі заманғы жас суретші-дизайнерлердің шығармашылығын танымал ету, қазіргі заманғы көркемдік тенденциялармен таныстыру.

Ешнияз Арай Маратқызы 1985 жылы 27 шілдеде Шалқар қаласында  дүниеге келген. 1991-2002 жылдары Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназиясында оқыған.1996-2001 жылдары Шалқар қалалық көркемсурет лицейінде оқыған.1998 жылы Ақтөбе қаласындағы көркемсурет лицейіндегі  өткізілген облыстық үлкен конкурстың жүлдегері. 2002-2007 жылдары Ақтөбе қалалық Ағайынды Жұбановтар университетінің «Дизайн» факультетінің түлегі, мамандығы «Интерьер дизайнеры».  2006 жылдан бастап балаларға сурет, дизайн өнерін үйреткен,  реклама дизайны, графикалық дизайн, сыртқы жарнама дизайны, интерьерлік дизайн, фотограф- дизайнер, проектировщик мамандықтарында жұмыс жасаған. 2021 жылы «Ustaz joly» ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты І Республикалық байқауының «Үздік жетекші» наминациясы бойынша І дәрежелі жүлдегері.

Көрме суретшінің шығармашылығынан туындаған 20 ға жуық, жан дүниесіне жақын техникада, майлы бояумен, акрилмен орындалған жұмыстардың топтамасынан құралған. Туындылардың жан жақтығы көз тартарлықтай сан алуан бояулармен пейзаж, архитектура, еркін тақырыптағы жұмыстарын көрерменнің көз айынама ұсынып отыр.

Көрме ақпан айының 24 не дейін жалғасын табады.