«АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІ»

мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

«Біз кесте»

Ақтөбе облыстық өнер музейінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың қазанның 30 жұлдызында «Біз кесте» өнері бойынша шебер сағаты өткізілді. Біз кесте өнері бойынша жетекшілік еткен Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, «Шапағат» медалінің иегері, қолөнер шебері Бердібекова Лаура Қуантайқызы болды.
Шараның мақсаты халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – кесте өнерін дамыту, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұлттық дәстүрімізді жалғастыру, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру. 

Салт-дәстүр – ұлттық сананың ең басты кілті. Ұлттық сананы қалыптастыру жолында ұлттық өнердің атқарар рөлі өте маңызды. Ендеше еліміздің өркендеп дамуына өнерім арқылы ұлттық мәдени құндылықтарымызды сақтауға, салт-дәстүрімізді дамытуға үлесіміздіді қосу негізгі міндетіміз.
Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Сондықтан осы бағытта жан-жақты көптеген жұмыстар жасалу қажет. Соның бірі бүгінгі Қазақстан қолөнершілер Одағының Ақтөбе облыстық филиалы бойынша, қазақ қолөнер мәдениетін дамытуға бағытталған 2020 жылдың жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырылып отырған шебер сабағы. 

Ұмытылып бара жатырған қазақтың ұлттық кестесі - біз кестені жаңғырту, одан әрі дамыту.
Шара барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының маманы Сәулебаева Орынгүл Нұрланқызы, облыстық өнер музейінің ғылыми қызметкері Әлібекова Іңкәр Балтабайқызы, Ақтөбе облысы, Аналар кеңесінің төрайымы Калиева Жұмабике Шамшудинқызы, аналар кеңесінің мүшесі, облыстық мидиаторлар кеңесінің басшысы Балпейсова Светлана Асылгерейқызы және де заңгер Байдулина Жанара Қалыбайқызы, № 24 мектебінің ұстаздары Қошетеров Азамат, Калдыгулов Ерік сонымен қатар Матеулова Зейнегул және де Сандибекова Айгерім қатысты.