«АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІ»

мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

ҚР суретшілер Одағының мүшесі Хайрулин Орынғали Алтынбайұлының көрмесі

Облыстық өнер музейінде 22 ақпан күні ҚР суретшілер Одағының мүшесі Хайрулин Орынғали Алтынбайұлының 80 жылдық мерей тойы аясында «Өмір - өнер өзені» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты суретшіні қолдау, шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа бейнелеу өнерін дәріптеу болып табылады.

Орынғали Алтынбайұлы Хайруллин 1942 жылы 22 ақпанда Орынбор облысы Ақбұлақ кентінде қызметкер отбасында дүниеге келген. Әкесі Алтынбай зейнеткерлікке шыққанға дейін 1961 жылға дейін қаржы қызметкері болып жұмыс істеді, анасы Ақлима төрт дарынды тұлғаны тәрбиелеп шығарды.

Сурет салуға деген сүйіспеншілік суретшінің мектеп жылдарында пайда болды. Сурет пәнінің мұғалімі Исмаилов Нармағанбет ас үй мен тұрмыстық заттарды қойды, ал оқушылар осы натураға қарап сурет салды, осылайша жарық-көлеңке мен перспектива туралы түсінік пайда болды. О. Хайрулин 1960 жылы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің студенті болады. Оқу жылдары суретшінің шығармашылық өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болды. Сабур Мамбеев, Гүлфайрусь Исмаилова, Антощенко Оленев, Абубакир Исмаилов және т.б. танымал метрлер дәріс оқып, кездесулер өткізді. Суретші алғашқы ұстазы,  алғашқы суретшілердің бірі, кәсіби суретшісі А.Ғ. Ғалымбаева туралы ерекше алғыспен еске алады. Сонымен қатар көркемсурет училищесінің директоры Ақраб Құдайбергенұлы Жұбановты, Қазақстанның Халық суретшісі кескіндеме пәнінің мұғалімі Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевті мектеп кезіндегі ұстаздары  Лебедев, сызу пәнінің мұғалімі Е.Г.Еремеев, Тимофеев, Бортынков, Пак В.А., Поляков, Свитич, мүсін бойынша Пенкин және басқа да ұстаздарын құрметпен, алғыс айтып еске алады.

Көрмеде ұсынылған 34 кескіндеменің едәуір бөлігі қазіргі заманғы, өзекті тақырыптарға арналған картиналар. Олар экология, индустрияландыру, әлеуметтік тақырыптарында өрбіген. Ал туған қаласы бейнеленген туындылары ақтөбеліктерді ностальгиялық еске алуға баулайды.  Ақтөбенің көшелерін "Татарка", "Земснаряд", "Қазақ көшесіндегі үйшік" сияқты таныс, жүрекке жақын атаулармен түсірген суреттердің алдында ұзақ уақыт тамашап тұруға болады. Туындылардың атауын қарамай-ақ, суреттелген туындылардан қаланың шет жағын, саябақтардың оқшауланған бұрыштарындағы орындықтарды және сүйікті жергілікті жағажайларды көріп-ақ тануға болады. Қала мен оның айналасы оларға деген сүйіспеншілікпен және әкелер жеріне деген адалдықпен бейнеленген. Ал жаңа ғимараттар, саябақтар, даңғылдар, ғибадатханалар біздің қарқынды дамып келе жатқан қала тұрғындарының назарын бірден аудартады.

Қазіргі уақытта суретшіге туған қаласындай болған Ақтөбеге 1965 жылы көшіп келді.   Еңбек жолын облыстық теледидарда суретші-шрифтист болып бастаған. 1965-1968 жылдары Байқоңырдың ракеталық бөлімінде әскери борышын өтеді.

Г.Г. Полуэктов, М.Р. Лунев, Н.Н. Герцог секілді суретшілермен бірге А. С. Пушкин атындағы қалалық саябақта көркемсурет шеберханасының ашылуын ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. 1969 жылы және 1990 жылға дейін суретші болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 2011 жылға дейін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында суретші – реставратор болып жұмыс істеді.

1970 жылдан қалалық, облыстық республикалық суретшілер көрмелерінің қатысушысы. Олар: 1989 жылы көрме залында ақтөбелік суретшілер жұмыстарының күзгі көрмесі; 1999 жылы желтоқсанда  Қазақстан Суретшілер Одағы ұйымдастырған көрмелер, сондай-ақ Ақтөбе қаласының Көрме залында Қазақстан Суретшілер одағының 60 жылдығына арналған көрмесінің қатысушы; 2004 жылы «Ақтөбе суретшілер көзімен» көрмесі; 2006 жылы Ақтөбе қаласында суретші Сергей Васильевич Кукурузаның туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық экслибрис және графика көрмесі; 2006 жылы композитор, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 100 жылдығына арналған халықаралық экслибрис және графика көрмесі, Ақтөбе; 2011 жылы Ақтөбеде өткен халықаралық сурет фестивалі.

Жеке көрмелер: 1995 ж. Ақтөбе қаласындағы облыстық көркемсурет көрме залында алғашқы дербес көрмесі; 1997 ж. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде жеке шығармаларының көрмесі; 2012 жылдың 22 ақпанында облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінде 70 жылдық мерейтойға арналған көрмесі, сонымен қатар Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларында заманауи көрмелері болды.

Туындылары облыстық өнер музейінде, тоблыстық тарихи-өлкетану музейінде, сондай-ақ Ақтөбе қаласының жеке коллекцияларында сақтаулы.