«АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІ»

мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

КУНАЕВА ГУЛЖАН УНДАСИНОВНА
Туған күні: 22 қазан 1972 жыл
Туған жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы
Ұлты: Қазақ
Білімі: Жоғары
Оқу орны: Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеті, музыкалық білім факультеті
Мамандығы: Музыка пәнінің мұғалімі

Отбасы: Отбасылы, екі бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана, төрт немеренің ардақты әжесі.


Еңбек жолы мен қоғамдық қызметі:

  • 2003 жылы 3 наурызда Байғанин аудандық мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалған болатын.
  • 2024 жылдың 2 ақпаны мен 14 қазаны аралығында «Amanat» партиясының Байғанин аудандық филиалының хатшысы қызметін атқарды.
  • VII-VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты, сондай-ақ «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі болды.
  • 2025 жылы 12 ақпан айынан «Ақтөбе облыстық өнер музейі» КММ-нің директоры қызметіне тағайындалды.

Жалпы еңбек өтілі — 32 жыл, мәдениет саласындағы еңбек өтілі — 21 жыл.


Жетістіктері мен марапаттары:

  • 2008 ж. – Облыстық «Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауының грамотасы
  • 2010 ж. – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан әлеуметтік реформаларды қолдағаны үшін Алғыс хат
  • 2011 ж. – Ақтөбе және Өскемен қалаларында өткен ұлттық спорт түрлері фестивалінде «Сәнді киіз үйлер» байқауынан І және ІІІ орын
  • 2012 ж. – Ақтөбе қаласының 80 жылдығына арналған Көкжар жәрмеңкесінің дипломы
  • 2012 ж. – «Нұр Отан» ХДП және облыс әкімінің орынбасары С.Нұрқатованың Алғыс хаттары
  • 2013 ж. – «Әйелдер көшбасшысы» сертификаты
  • 2014 ж. – «Үздік көшбасшы – 2014» және “Даңқ” ордені
  • 2019 ж. – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атынан Құрмет грамотасы және облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжановтың Алғыс хаты
  • 2020 ж. – Байғанин аудандық мәслихатының депутаты болды
  • 2021 ж. – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хаты
  • 2021 ж. – «Еңбек даңқы» төсбелгісі (№659 куәлік)
  • 2022 ж. – ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
  • 2024 ж. – ҚР Мәслихатының 30 жылдығына арналған төсбелгі

Қоғамдық қызметі мен шығармашылығы:

  • Аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Шаңырақ» рухани бірлестігінің авторы әрі төрайымы болған
  • Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, жас мамандарға бағыт-бағдар берді
  • Жоғары мәдениетті, ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби шеберлігі арқылы аудан мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты.

Гүлжан Ундасиновна — өз ісінің шебері, нағыз мәдениет жанашыры, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қоғам белсендісі.


Жазба қалдыру

Captcha Image


There is no public post yet