
КУНАЕВА ГУЛЖАН УНДАСИНОВНА
Туған күні: 22 қазан 1972 жыл
Туған жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы
Ұлты: Қазақ
Білімі: Жоғары
Оқу орны: Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеті, музыкалық білім факультеті
Мамандығы: Музыка пәнінің мұғалімі
Отбасы: Отбасылы, екі бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана, төрт немеренің ардақты әжесі.
Еңбек жолы мен қоғамдық қызметі:
- 2003 жылы 3 наурызда Байғанин аудандық мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалған болатын.
- 2024 жылдың 2 ақпаны мен 14 қазаны аралығында «Amanat» партиясының Байғанин аудандық филиалының хатшысы қызметін атқарды.
- VII-VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты, сондай-ақ «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі болды.
- 2025 жылы 12 ақпан айынан «Ақтөбе облыстық өнер музейі» КММ-нің директоры қызметіне тағайындалды.
Жалпы еңбек өтілі — 32 жыл, мәдениет саласындағы еңбек өтілі — 21 жыл.
Жетістіктері мен марапаттары:
- 2008 ж. – Облыстық «Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауының грамотасы
- 2010 ж. – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан әлеуметтік реформаларды қолдағаны үшін Алғыс хат
- 2011 ж. – Ақтөбе және Өскемен қалаларында өткен ұлттық спорт түрлері фестивалінде «Сәнді киіз үйлер» байқауынан І және ІІІ орын
- 2012 ж. – Ақтөбе қаласының 80 жылдығына арналған Көкжар жәрмеңкесінің дипломы
- 2012 ж. – «Нұр Отан» ХДП және облыс әкімінің орынбасары С.Нұрқатованың Алғыс хаттары
- 2013 ж. – «Әйелдер көшбасшысы» сертификаты
- 2014 ж. – «Үздік көшбасшы – 2014» және “Даңқ” ордені
- 2019 ж. – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атынан Құрмет грамотасы және облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжановтың Алғыс хаты
- 2020 ж. – Байғанин аудандық мәслихатының депутаты болды
- 2021 ж. – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хаты
- 2021 ж. – «Еңбек даңқы» төсбелгісі (№659 куәлік)
- 2022 ж. – ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
- 2024 ж. – ҚР Мәслихатының 30 жылдығына арналған төсбелгі
Қоғамдық қызметі мен шығармашылығы:
- Аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Шаңырақ» рухани бірлестігінің авторы әрі төрайымы болған
- Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, жас мамандарға бағыт-бағдар берді
- Жоғары мәдениетті, ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби шеберлігі арқылы аудан мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты.
Гүлжан Ундасиновна — өз ісінің шебері, нағыз мәдениет жанашыры, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қоғам белсендісі.