«Шығармашылық Вернисаж - 2026»

«Шығармашылық Вернисаж - 2026»

Ұйымдастырушылар: Қалалық көркемсурет лицейі – ЮНЕСКО Клубы,

Ақтөбе облыстық өнер музейі.

 

Мақсаты: Балалар шығармашылығында жоғары шығармашылық көзқарасты дамыту, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту. Көрерменнің жоғары ұлттық рухани ойын дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, өнер туындыларының мәнін түсіндіру.

2026 жылғы 11 маусымда Ақтөбе облыстық өнер музейінің екінші қабаттағы залында Қалалық көркемсурет лицейін бітіруші түлектерінің дәстүрге айналған «Шығармашылық вернисаж – 2026»/ «Творческий вернисаж – 2026» атты оқушылардың қорытынды жұмыстарының көрмесі ашылды. Көрмеге лицейдің 15-18 жас аралығындағы балалардың орындаған қолданбалы өнер, майлы бояу кескіндемесі, сурет, мүсін өнерінен жұмыстары қойылды.

Бітіруші түлектердің қорытынды жұмыс композициялары көркемсурет лицейінде алған көркемдік білімдерінің нәтижесі болып келеді.  Балалардың орындаған жұмыстары әртүрлі тақырыптарда түрлі орындау техникасында:  Абылай Алуаның «Дала мұрасы», Ахмметова Іңкәрдің «Ұрпақтар сабақтастығы, Звягинцеа Валерияның «Дархан дала» копозициялары майлы бояу техникасында орындалып,  үздік қорғалды. Ұлы Отан соғысының Батыры ұшқыш Талғат Биегльдиновтың портретін Ахметова Арина керемет техникамен бейнелей отыра, композицияда кейіпкердің өзінің өткен шағын көрсете отырып, әсерлі бейнелеп көрсеткен.   

Джаноян Седа оқушымыздың «Менің елім Армения» атауындағы жұмысы киіз баса отырып жаңашыл көркем техникасында орындалған. Валиева Диляраның «Желмая», Калиева Даянаның «Нити времени»/ «Уақыт иірімдері» туындылары қолданбалы өнердің киіз басу техникасында орындалған ең үздік шығармалар.

Жұмыстар отбасы құндылықтары, салт-дәстүр, бейбітшілік, аңыз әңгімелер желісіне,  жалпы ұлттық құндылықтар, оқу натюрморты,  т.б. еркін тақырыптардан құралды.  Композициялар екінші жартыжылдықта  орындалып, оқу жылының соңында қорытынды жұмыстың қорғауы ретінде өткізілді. Графика, кескіндеме, мүсін өнері, сәндік қолданбалы өнер бағыттары бойынша қойылған жұмыстар көрерменнің назарын шуаққа бөлері сөзсіз. Шығармашылықты оятып шабыт келтіреді. Әр туынды табанды зор еңбектің  нәтижесі. Әр туындыда  автордың шығармашылық шабыты мен, өзіндік көзқарастың айнасын көруге болады.

Барлығы 161 түлектің  жұмысы көрмеде көрсетілді. Қолөнерден жасалған жұмыстар ши тоқу өнері, киіз басу өнерінің бұйымдары өзінің нәзіктігімен және күрделілігімен ерекшеленеді.

Көрме жұмыс күндері қала қонақтары мен көпшілік өнерсүйер үшін маусым айының аяғына дейін ашық.

Фотогалерея

«Шығармашылық Вернисаж - 2026» «Шығармашылық Вернисаж - 2026» «Шығармашылық Вернисаж - 2026» «Шығармашылық Вернисаж - 2026» «Шығармашылық Вернисаж - 2026» «Шығармашылық Вернисаж - 2026»