Ақтөбе облыстық өнер музейі «Музей түні-2026» шарасының ақпараты

Ақтөбе облыстық өнер музейі  «Музей түні-2026» шарасының ақпараты

Ақтөбе облыстық өнер музейінде 2026 жылғы 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай дәстүрлі «Музей түні–2026» ауқымды мәдени-көпшілік шарасы өткізілді. Шара кешкі сағат 19:00-ден түнгі 00:00-ге дейін ұйымдастырылып, оған қала тұрғындары мен қонақтары белсенді қатысты.

Шараның негізгі мақсаты музей кеңістігін көпшілікке жаңа форматта таныстыру, ұлттық қолөнер мен заманауи өнерді насихаттау, мәдениет қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу және музейге деген қоғамдық қызығушылықты арттыру болды.

Мерекелік кеш музей ғимаратының ішкі және сыртқы алаңдарында арнайы безендіріліп ұйымдастырылды. Салтанатты ашылу музейдің төменгі үлкен залында өтті.

Кіреберіс аймағында «Өнерге апарар жол» атты креативті дәліз жасақталып, ұлттық ши элементтерімен безендірілді. Дәліз бойында ұлттық қолөнер шеберлері өз жұмыстарын тікелей көрсетіп, келушілер қолөнер жасау процесімен танысты. Сонымен қатар музейдің сыртқы қабырғасына «Музей шежіресі» фото-панорамасы орналастырылып, музейде өткен маңызды көрмелер мен мәдени іс-шаралардың фотохронологиясы ұсынылды.

Музейдің 1-қабатындағы кіреберіс залында «Өнер» аймағы ұйымдастырылып, кәсіби суретшілердің тікелей сурет салу процесі көрсетілді. Келушілерге арналған шеберлік сағаттары өткізіліп, киіз, керамика, ағаш және зергерлік өнер бойынша интерактивті сабақтар ұйымдастырылды.

Кіші залда «Жас шебердің үні» атты жас дизайнер Айдана Жылқаманованың алғашқы дербес көрмесі мен костюмдер көрсетілімі өтті. Көрмеде ұлттық нақыш пен заманауи сән үлгілері үйлескен авторлық киім топтамалары таныстырылды. Бағдарлама музыкалық сүйемелдеумен өтіп, әрбір образдың концепциялық таныстырылымы ұсынылды. Сонымен қатар ою-өрнектер мен ұлттық қолөнер элементтерінің заманауи интерпретациялары көрсетілді.

Музейдің 2-қабатында «Жанданған картиналар» интерактивті кеңістігі жұмыс жасады. Арнайы проекторлар мен жасанды интеллект технологиялары арқылы картиналар қозғалысқа еніп, келушілерге ерекше визуалды әсер сыйлады. Сондай-ақ «Қозғалыстағы өнер» атты проекциялық инсталляция ұйымдастырылып, үш қабырғаға проекцияланған картиналар динамикалық түрде көрсетілді. Бұл кеңістік келушілерді толықтай мультимедиялық ортаға енгізді.

Осы қабатта Гүлдана Серікқызының қорқыныштар әлеміне арналған көрмесі де таныстырылып, жәніктер мен бауырмен жорғалаушылардың макеттері көпшілік назарына ұсынылды.

Үлкен көрме залында «Жаңашыл өнер» атты көрме ұйымдастырылып, қазіргі заманғы суретшілердің эксперименталды және концептуалды туындылары қойылды. Сонымен қатар музей қорындағы сюрреализм стиліндегі фотокөрме келушілерге ұсынылды.

Шара аясында «Өнерді тап!» музейлік квест ойыны өткізілді. Қатысушылар картина бөліктерін пазл құрау арқылы толық композицияны құрастырды. Ойын келушілердің қызығушылығын арттырып, музей кеңістігін интерактивті форматта таныстыруға мүмкіндік берді.

Мерекелік кеш барысында «Аспаптар әлемі» залының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу аясында ұлттық аспаптардың шағын концерттік таныстырылымы ұйымдастырылып, жаңа экспозиция бойынша экскурсия жүргізілді.

«Музей түні–2026» шарасына суретшілер, қолөнер шеберлері, би ұжымдары мен әншілер қатысып, кештің мазмұнын байыта түсті. Нәтижесінде шараға шамамен 1500-ге жуық көрермен қатысып көрермен болды.

 

Фотогалерея

Ақтөбе облыстық өнер музейі  «Музей түні-2026» шарасының ақпараты Ақтөбе облыстық өнер музейі  «Музей түні-2026» шарасының ақпараты Ақтөбе облыстық өнер музейі  «Музей түні-2026» шарасының ақпараты Ақтөбе облыстық өнер музейі  «Музей түні-2026» шарасының ақпараты Ақтөбе облыстық өнер музейі  «Музей түні-2026» шарасының ақпараты Ақтөбе облыстық өнер музейі  «Музей түні-2026» шарасының ақпараты Ақтөбе облыстық өнер музейі  «Музей түні-2026» шарасының ақпараты Ақтөбе облыстық өнер музейі  «Музей түні-2026» шарасының ақпараты