«АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР МУЗЕЙІ»

мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Габдрахманов Марат Рахметолаұлы 1970 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2010 жылдан бастап Ақтөбе облыстық өнер музейінің директоры, 2017 жылдың қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының Ақтөбе филиалының төрағасы.

Свердлов облысы Нижний Тагил қаласындағы Орал қолданбалы өнер колледжінің көркемдік  өңдеу бөлімін бітіргеннен кейін шығармашылықпен белсенді айналысты.

Марат Габдрахманов металдарды, тастарды, ағаштарды өңдеу техникасын жетік игерген, стильдер мен материалды бағындыру  талпынысы жоғары,  шығармашылық  толы шебер. Марат Габдрахмановтың «Бастау» атты шағын формалы  мүсіндерінің алғашқы дербес көрмесі 1995 жылы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтті, кейін жас перспективалық суретшінің шағын нысандары А.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қойылып, жоғары бағаланып, республиканың корифейі деп танылды.  Осы көрменің қорытындысы бойынша М.Габдрахманов Қазақстан суретшілер одағының мүшелігіне қабылданып, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанды және  «Болашақ» Президент сыйлығына ие болып, екі жыл бойы «PRATT» Нью-Йорк өнер институтында біліктілігін арттырды.

Оқу барысында шығармашылық қызметін жалғастырды, соның нәтижесі Нью-Йорк қаласындағы "La MaMa" Галереясымен бірлескен көрмесі, сонымен қатар Нью-Йорктегі БҰҰ кеңсесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жеке көрмесі болды.

Марат Рахметолайұлы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қалаларында өткізілетін халықаралық фестивальдерге, шығармашылық конкурстарға және жобаларға белсене қатысады:

2001 ж. - Ш.Сариев атындағы өнер музейінде дербес көрмесі. Атырау қ.,

2002 жыл - Астана қаласының Президенттік мәдениет орталығында жеке көрме,

2003 ж. - Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында «Город на Белом холме» атты көрмесі Орынбор қ.,

2005 жыл - «Мәдени мұра» көрмесі Ақтөбе қ.,

2006 жылы Екатеринбург қаласында өткен 1-ші халықаралық бақшалық және парк мүсін фестивалінде «Дөңгелек» (мәрмәр) мүсіні үшін III орын,

2007 ж. - Ақтөбе қаласында өткен 1-ші халықаралық бақшалық және парк мүсін фестивалінің ұйымдастырушысы және қатысушысы,

2009 ж. - шығармашылық конкурсқа қол жеткізіп, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, ұшқыш-пилот Талғат Бигельдинов Жақыпбекұлының қоладан бюстін жасады,

2010 ж. - Тұңғыш Президенттің музейінде «Жанның үні» атты жеке көрмесі,

2011 ж. - Ақтөбе қаласындағы «PleinAirAktobe» 1-ші халықаралық сурет фестивалінің ұйымдастырушысы және қатысушысы,

2011 жылы - Ақтау қаласында өткен «Каспий теңізі - достық теңізі»  халықаралық фестивалінің «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша Гран-при иегері,

2011 - «Снеголед» қар мен мұз мүсіндерінің халықаралық фестивалінің дипломаты, Красноярск қ.,

2011 ж. - «Бешенная пила» атты мұз айдыны шоуының  «Ерекшелігі үшін» III орын иегері, Кировск қ.,

2011 ж. - Архаңгелс қ., "Мұздатылған аңыздар" қар мен мұз дизайны халықаралық фестивалінің дипломаты,

2011 ж. - «Жазира-Жайық» халықаралық көрмесінің қатысушысы, Орал қаласы,

2012 ж. - «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» 5-ші Халықаралық мүсін өнерінің биенналесі Астана,

2012 ж. - «Алтын қайық» республикалық симпозиумының дипломаты, Атырау қ.,

2012 ж. - VI Халықаралық Рождество фестивалінің қатысушысы «Вифлеемская звезда» мұз айдыны, Екатеринбург қ.,

2012 жылы Пермь қ.,мұз кешені «Тюльпановой пирамиды»

2012 - «Сібірдің ғажайып мұздары» қар мен мұз мүсіндерінің 1-ші халықаралық фестиваль-байқауында «Қар» номинациясы бойынша Гран-при жүлдесі, Красноярск қ.,

2013 ж. - Екатеринбург қаласында V Халықаралық заманауи өнер фестивалі «Самое оригинальное художественное использование металлолома» номинациясының лауреаты,

2013 - «Қысқы вернисаж» қар-мұз мүсіндері бойынша Ресей кубогының  іріктеу турының қатысушысы, XI Халықаралық фестивалі «Полярная рапсодия» Салехард қ.,

2014 ж. - «Көшпенділер» атты дербес көрмесі Атырау, Ақтау қалалары,

2014 жылы Ақтөбе қаласында Халықаралық дәнекерлеу мүсін фестивалін ұйымдастырды,

2015 ж. - Астана қаласының Ұлттық музейінде «Көшпенділер» дербес көрмесі.

2017 - «Туған жер» республикалық форумы аясында Ақтөбе қаласы Өнер орталығында шағын формалы мүсіндерінің көрмесі.

Габдрахманов Марат Рахметолаұлы шығармашылық  белсенділігі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары,  жұмыс барысында белсенді, әрдайым шығармашылық ізденісте жүреді, және алдағы уақытта көрермендерін  әлі де қуантып, таңқалдырады.

Жазба қалдыру


There is no public post yet